Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты

Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 2020 жылғы 22 маусым мен 5 қыркүйек аралығында өткен Республикалық атаулы студенттік Стипендиялар байқауының қорытындысын шығарды.

Биыл байқауға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Қаскелең, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Түркістан, Өскемен қалаларынан 354 өтінім келіп түсті. Екі турдың қорытындысы бойынша 80 студент жеңімпаз атанды, оның қатарында біздің академияның 5 курс “жалпы медицина” факультетінің студенті Қален Сұлуғайша Қамбарқызы бар.

1583 1

Байқауға қатысу үшін студенттер академиялық үлгерімнің максималды көрсеткіштеріне ие болуы, студенттер мен оқытушылар арасында беделге ие болуы, оқу орнының қоғамдық, ғылыми-зерттеу және практикалық қызметіне белсенді қатысуы қажет. Стипендиаттар екі жыл оқу барысында GPA балы жоғары транскрипттермен, сертификаттармен, грамоталармен, дипломдармен, ғылыми жұмыстарының болуымен және конференциялар мен симпозиумдарда сөз сөйлеуімен өз жетістіктерін растайды.

Оларға стипендиат сертификаттары табыс етіледі, ай сайын 40 000 теңге мөлшерінде стипендия белгіленеді және «Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты» мәртебесі беріледі.

Шын жүректен біздің академиямыздың белсенді студентін, оқу үздігін және “Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты” мәртебесіне ие болған студенті Қален Сұлуғайша Қамбарқызын құттықтаймыз!

20.11.2020, 02:00
285 қаралым