«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында кітапхана бұрышының ашылуы

2022 жылдың 13 мамыр айында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында кітапхана бұрышының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Кітапхана бұрышының ашылуына: АҚ «ОҚМА» бірінші проректоры; «Жалпы медицина» КОП төрағасы, «Фармацевтикалық және токсикологиялық химия» кафедрасының меңгерушісі, «Патологиялық анатомия және гистология» кафедрасының PhD докторы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары және кафедра қызметкерлері қатысты.
Құттықтау және тілек білдіру сөзімен АҚ «ОҚМА» бірінші проректоры – Есіркепов М.М., «Жалпы медицина» ТЖК төрайымы – Досыбаева Г.Н., фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі – Ордабаева С.К., стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы – Ахметова А.А., патологиялық анатомия және гистология кафедрасының PhD докторы – P. Vinoth kumar және БАО басшысы – Дарбичева Р.И. сөз сөйледі.
Кітапхана бұрышы кафедрада оқитын студенттер мен резиденттерге оқудан бос уақытта оқуға арналған.
Кітапхана бұрышында базалық пәндер, Микробиология және иммунология бойынша үш тілде кітаптар бар. Бұл студенттер мен резиденттерге өткен пәндер бойынша материалдарды қайталауға, сондай-ақ микробиология, иммунология және басқа да аралас пәндер бойынша қосымша ақпарат алуға, ғылыми әдебиеттерді өз бетінше зерделеуге және оқуға қызығушылық қалыптастыруға мүмкіндік береді.

17.05.2022, 11:54
285 қаралым