Мерейтойыңыз құтты болсын, Сахов Сапарбек Мусаханович!

1616 1

ОҚМА Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының тарих пәнінің аға-оқытушысы Сахов Сапарбек Мусаханович 70 жасқа толды!

Сахов Сапарбек Мусаханович өзінің еңбек жолын 1967 жылы Шымкент политехникалық техникумының іс-тәжірибеден өтуші түлегі ретінде Шымкент фосфор тұздары зауытында жұмысшыдан бастады.Қазір кезде барлық еңбек қызметі академиямен байланысты.

1987 жылы ол ғылыми диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандитаты дәрежесіне ие болды.Оның еңбек жолында аға оқытушы, «Дизайн-студия», «Профтех-5» оқу орталығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры , М.Өтебаев атындағы Жоғары жаңа технологиялар колледжі, «Сапа және ғылыми-әдістемелік орталығының» меңгерушісі, ОҚО мәслихатының депутаты болып жұмыс атқарды.

Сапарбек Мусаханович ҚР «Білім беру ісінің үздігі» белгісімен (1997), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» мерекелік медалі (2002), «Құрмет» ордені(2005), «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі (2015), «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі (2015), «Еңбек ардагері» медалі (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25» мерекелік медалі иегері атанған.

Сапарбек Мусахановичты мерейтойымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, білім кеңістігінде сәттілік, өркендеу және барлық жақсылықтарды тілейміз!

22.12.2020, 02:09
465 қаралым