Мерейтойыңыз құтты болсын, Алма Абдукаримовна Ахметова!

1607 2

ОҚМА Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Алма Абдукаримовна Ахметова 60 жасқа толды!

1982 жылы А.А. Ахметова Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, «химия мұғалімі» біліктілігін алды, АГМИ ЧФ (қазіргі ОҚМА) құрамына қабылданды. Сол кезден бастап барлық еңбек қызметі академиямен байланысты.

1997 жылы органикалық химия бойынша кандидаттық диссертация қорғады, 2003 жылы «доцент» ғылыми атағын алды. Оның еңбек жолында аға оқытушы, кафедраның доценті, ОҚМА ғылыми кеңесінің хатшысы, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, оқу-әдістемелік орталықтың бастығы, даму және инновация жөніндегі проректоры болып жұмыс атқарды.

Алма Абдукаримовна ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен (1999), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2004), Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен (2012), «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды. (2016).

Алма Абдукаримовнаны мерейтойымен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, білім кеңістігінде сәттілік, өркендеу және барлық жақсылықтарды тілейміз!

09.12.2020, 03:44
377 қаралым