МЕРЕЙ ТОЙ ИЕСІН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

1566 1

2020 жылдың 15 қазанында тамаша адам, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, жеңіл атлетикадан спорт шеберіне үміткер (1980ж.) Азиза Эмзебекқызы Жұмабекова 60 жасқа толды.

А. Э. Жұмабекова Қарағанды дене тәрбиесі педагогикалық институтын бітіргеннен кейін, кафедрада 1981 жылдан бастап қызмет етуде. 1995 жылдан бастап аға оқытушы, 1994 жылдан қазіргі уақытқа дейін кафедраның оқу бөлімінің мегерушісі қызметінде.

Қаланың және Академияның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін: қала әкімінің «Алғыс хаты» (1992 ж.), ОҚО денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы» (2004 ж.), ҚР ДСМ «Алғыс» (2010 ж.), Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының «Құрмет грамотасы» (2011 ж.) марапатталды.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының медицина қызметкерлері арасында 300 метрге жүгіру бойынша жеңіл атлетикадан чемпионатта жеңіске жетті.

1999 және 2005 жылдары ОҚМФА бастамасымен "Жыл мұғалімі" байқауының жеңімпазы атанды.

Азиза Эмзебекқызы академияның қоғамдық және білім беру процесіне үлкен үлес қосты. Ондаған жылдар бойы студенттерді дене шынықтыру және спортқа тартып, салауатты өмір салтын насихаттады.

Азиза Эмзебекқызын мерейтойымен құттықтаймыз! Шын жүректен зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық амандық пен бақыт тілейміз!

26.10.2020, 04:39
360 қаралым