«Менің Туым, Менің Отаным» патриоттық акциясы
2019 жылдың 28 қарашасында ОҚМА бас ғимаратының алдында «1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күніне» орай, академияның ұйымдастыруымен «Менің Туым, Менің Отаным» атты патриоттық акциясы өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов, «NurOtan» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Нарымбетов, Шымкент қаласы Маслихатының хатшысы Ғ.Ташқараев, ОҚМА ректоры М.Рысбеков, қалалық маслихаттың депутаттары, қаламыздың барлық ЖОО-лардың студенттері мен мектеп және балабақша қызметкерлерінің өкілдері қатысты.
Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, ОҚМА алдындағы «Рәміздер алаңшасын» ашып, ҚР Мемлекеттік Туын салтанатты түрде көтерді.
Шара барысында Е.Айтаханов «Нұр Отан» партиясына жаңадан кірген Шымкент қаласының белсенді жастарына партия билетін табыстады.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты.
Барша Қазақстандықтарды «1-желтоқсан Тұңғыш Президенті күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!