«Мен қазақша сөйлеймін»

2021 жылдың 5 шілде мен 5 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Тіл саясаты комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында, «ҚР Тәуелсіздіктің 30 жылдық» мерейлі мерекесі қарсаңында, Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы «Тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, түрлі этнос өкілдері арасында, еліне деген сүйіспеншілік, адалдық, әділдік, еңбекқорлық, мейірімділік, ар-намыс, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту мақсатында «Мен қазақша сөйлеймін» атты республикалық акциясы өткізілді. Байқауға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан қатысқан жалпы медицина мамандығының 1 курс студенті Адеева Масрур (жетекшісі Қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының оқытушысы Рыскулбекова Жанар Иманалиевна) үздік бестіктен орын алып, арнайы диплом және ақшалай сыйақымен марапатталды.

Шымкент қаласының атынан бесінші орын алған Адеева Масрурды шын жүректен құттықтаймыз.

https://www.instagram.com/tv/CRBsFk2jd25

1752 1

09.08.2021, 16:38
378 қаралым