«Мен өмірге құштармын» студенттік конференциясы

2017 жылы 28 қарашасында ОҚМФА дәріс  залында «Мен өмірге құштармын» атты VІІІ студенттік конференция өтті. Конференцияда қарастырылған тақырыптар мен сұрақтар қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі - адам денсаулығын сақтау. Конференцияда болашақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін моральдық - адамгершілік тәрбиеге  баулу.            Конференцияны ұйымдастырушысы: физиологиялық  пәндер және дене шынықтыру кафедрасы.

Бұл конференцияға Наталья Михайловна Мурина мен Бекбергенова Дана Сейткаримқызының жетекшілігімен ОҚМФА фармацевтика және медицина факультеттерінің 1-2 курс студенттері Хакимбекова Д., Рахматалиева К., Юлдашов Ф., Юлдашов А., Анапия Ж., Жолдасбекова М., Абдуманапова А. өте мазмұнды баяндамалар мен қызықты презентацияларда кең көлемдегі дәлелді мәліметтер дайындады.

Физиологиялық пәндер және дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы Мурина Наталья Михайловна барлық қатысушылар мен тыңдаушыларға алғыс айтты. 

1166

07.12.2017, 03:54
370 қаралым