Мемлекеттік Рәміздер: Асқақ айбыным, ұлық айбарым

2023 ж. 2-маусым күні А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапханасында 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер: асқақ айбыным, ұлық айбарым» атты қалалық деңгейде іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты – жастарға патриоттық сезімді қалыптастырып, ұлттық рәміздерге деген құрмет сезімін насихаттау болып табылады. ОҚМА профессор-оқытушылар құрамы және кітапхана қызметкерлері бірігіп ұйымдастырған іс-шарада ОҚМА «Қазақтан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, PhD Ж. Нұржанбаева кіріспе сөз сөйлеп, кафедра оқытушылары А. Досаламанова, М. Маликов және Б. Утегенов презентациялық баяндамалар жасады, келушілерге кітап көрмесі ұсынылды. Сонымен бірге ОҚМА Жастар саясаты бөлімінен Б. Тасжанов, Б. Тұңғышбаев қатысып өз пікірлерін білдірді. Іс-шара барысында Шымкент қаласындағы мектеп оқушылары қатысып, өлеңдер оқылды.

Белсенді жастар мен жетекші педагогтарға «Алғыс хаттар» табысталды.

02.06.2023, 15:59
504 қаралым