«Мейіргер ісі» мамандығының құзыреттіліктерін арттыру

1829

2018 жылдың 29 қаңтар мен 2 ақпан күндер аралығында жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің бастығы Ж.З.Садиева «Астана медициналық университеті» АҚ-да «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистратура деңгейінде білім беру бағдарламаларын жаңғырту» атты мастер-классқа қатысуда.

1830

Мастер-класс мақсаты - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаның ағымдағы білім беру стандартын жақсарту. Сарапшылар ретінде JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) өкілдері аға лекторы, PhD Пайви Санерма және аға лекторы, PhD Ханна Хопия болып табылады. Мастер-класс біткен соң «Мейіргер ісі» мамандығының білім беру бағдарламаларына арналған құзыреттілігінің халықаралық-тиісті сипаттамаларын әзірлеу бойынша қатысушылар өз дағдыларын және білімін арттырады.

1831

02.02.2018, 06:34
365 қаралым