«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврлардың диплом жұмысын қорғауы
01-12 ақпан аралығында ОҚМА жанындағы медициналық колледжде «Мейіргер ісі» кафедрасында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалаврлардың диплом жұмысын қорғау өтті. МАК құрамында: комиссия төрағасы - Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ «Жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің» деканы, PhD Жумадилова А.Р., «ОҚМА» АҚ медициналық колледжінің директоры Кушкарова А.М., «№1 қалалық клиникалық аурухананың» бас мейіргері Меймашова Г.Б. және «Қалалық кардиологиялық орталықтың» аға мейіргері Алиева Х.А. Барлық студенттер өздерінің диплом жұмыстарын ұсынды, таңдаған тақырыптарын ашып, мейіргердің маңызды рөлі туралы айтты.
Мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулер осы кәсіби саладағы дамудың жаңа бағыттарының бірі болып табылады. Медициналық мекеменің жұмыс тәжірибесіне зерттеу жұмыстарының енгізілуіне байланысты мейіргерлер жұмысының көрсеткіштері жақсаруда:
• науқастардың қанағаттануын арттыру,
• ауруханада болу мерзімін қысқарту,
• асқынулардың санын азайту және т.б.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы студенттердің презентация түріндегі диплом жұмысын қызығушылықпен тыңдады, баяндамалар барысында туындаған сұрақтарға жауаптар алынды. Барлық студенттер өз жұмыстарын сәтті қорғады.
