Мейірімділік әлемді құтқарады!

Мейірімділік – адам бойындағы ең құнды қасиеттердің бірі. Мейірімділік - бұл адамдарға алғыс талап етпей, көмектесуге деген ұмтылыс. Мейірімді болу – басқаларға көмектесу, қолдау көрсету және қамқорлық пен көңіл бөлуді білдіреді. Біз бәрімізге кейде көмек пен түсіністік қажет, сондықтан мейірімділік біздің өмірімізде өте маңызды. Мейірімділіктің басты қыры – ізгі ниеттілік пен мейірімділік таныту. Көмекке мұқтаж біреуді көргенде, біз оларға қолдау көрсете аламыз, жылы сөзбен немесе бірге күле аламыз. Кішкентай игі іс басқа адамға үлкен қуаныш әкелетінін түсіну маңызды. 11.03.2023 жылы «Педиатрия-2» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен Академияның әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының бас маманы Баймбетова Баян Сейтжапбарқызы Шымкент қаласы білім басқармасының «№1 өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы»-на барды. Кафедра ұжымы «Педиатрия» факультетінің белсенді студенттерімен бірлесіп, балаларға арналған концерттік бағдарлама, түрлі рөлдік ойындар ұйымдастырып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңында барлық балаларға түрлі сыйлықтар мен ойыншықтар табысталды.

09.11.2023, 17:51
1072 қаралым