МЕЙІРГЕРЛІК ҒЫЛЫМ БОЙЫНША АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ

«ОҚМА» АҚ қабырғасында PhD, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Маханбетқұлова Динара Нұрғалиқызы және «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының медицина ғылымдарының магистрі Қуат Дана Есенбекқызының академиялық ұтқырлығы өтті.

Алмасу бағдарламасы 2024 жылғы 19-23 ақпан аралығында ОҚМА «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының ПОҚ, студенттер мен магистранттардың қатысуымен өтті.
Дәріс барысында білім алушылар келесі тақырыптар бойынша ақпарат алды:
Сапалы зерттеулерде сервис дизайнды қолдану, сапалы зерттеу әдістерін талдау үшін ATLAS TI бағдарламасын пайдалану, мейіргер ісіндегі сандық зерттеу әдістері: мәліметтер базасын құру, MS Excel, Ms Acces, SPSS, CINAHL дерекқорында жұмыс істеу; оқу дағдылары және ғылыми жарияланымдарды сыни талдау, мақаланы рәсімдеу құралы және әдеби шолу жазу.

Біз ҚазҰМУ оқытушыларына мейіргер ісінің академиялық өміріне қосқан құнды үлесі үшін алғыс айтамыз және одан әрі жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз!

01.03.2024, 11:19
393 қаралым