«Медициналық білімді жаңғырту аясында жоғары оқу орны мен жұмыс берушілердің тиімді әріптестігі»
2017 жылдың 30 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұмыс берушілер қатысуымен «Медициналық білімді жаңғырту аясында жоғары оқу орны мен жұмыс берушілердің тиімді әріптестігі» атты «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Бұл іс-шараның қатысушылары Шымкент қаласы мен облысының денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары болды.
Академия атынан презентациясын Б.Қ. Досыбаев, А.Г. Ибрагимова, Б.З. Долтаева, А.А. Сейдахметова, К.К. Орынбасарова ұсынды. Академия өкілдерінің баяндамаларында медициналық және фармацевтикалық білім беруді жетілдіру аясында медицина және фармацевтика кадрларын даярлау маңыздылығы, мейірбикелік істің даму болашағы, жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен өзара іс-қимылда болудың маңыздылығы аталды. Жұмыс берушілер тарапынан негізгі баяндамашылар: «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдарының қауымдастығының директоры Х.Д. Алжанова, жоғары қысымды өттегімен емдеу облыстық орталығының бас дәрігердің орынбасары И. Т. Төлеев, ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Л.Р. Қашқымбаева, Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Б.С. Сағымбеков болды.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары үш тұғырлы білім, ғылым және тәжірибе үшін жағдай жасау қажеттілігі, сондай-ақ жоғары оқу орны кафедраларының тәжірибелік денсаулық сақтау және фармациямен тығыз өзара іс-қимылда болудың маңыздылығын белгіледі.