Медициналық білім беруден екінші халықаралық конференциясы

Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институтына сыртқы академиялық ұтқырлық аясында "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызы 2019 ж. 12 сәуірде "Медициналық білімнің қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы" атты екінші халықаралық конференция жұмысына қатысты.

Медициналық білім беру бойынша халықаралық форум дәстүрлі түрде медициналық білім беруді жаңғырту үрдістері мен ерекшеліктерін зерттеу, медициналық білім беруді жетілдірудің теориялық және практикалық, дәстүрлі және инновациялық тәсілдерін талдау және жинақтау мақсатында өткізіледі. Өзбекстанның, Ресейдің, Тәжікстанның, Қазақстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарының мамандары заманауи білім беру үрдісінің мәселелерін – медициналық білім берудегі заманауи үрдістер, трендтер, жоғары мектепте инновациялық технологияларды пайдалану мәселелерін талқылады.

1369 1

Институт ректоры Иноятов Амрилло Шодиевичтың құттықтау сөзі

Сейдахметова А. А. "Құзыреттілік тәсілге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу" баяндамасын ұсынды.

1369 2

1369 3

Сейдахметова А. А. "Мейірбикелік білім беруді дамыту үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай жасау", "Артериалды гипертензия синдромы кезіндегі мейірбикелік процесс", "Мейірбике ісін жаңғырту" мастер-класстар өткізді, оған кафедра қызметкерлері, жоғары Мейіргер ісі факультетінің студенттері қатысты. 2 және 3 курс студенттері үшін облыстық, балалар және жұқпалы аурулар ауруханасында, перинаталдық орталықта инновациялық әдістерді қолдана отырып, дәрістер оқылды және тәжірибелік сабақтар өткізілді.

Сондай-ақ, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Г. Ж. Жарылқасынова мен кафедраның ПОҚ-мен бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, магистрлік диссертацияларды басқару, электронды оқулықтарды апробациялау, смарт-оқулықтарды әзірлеу мәселелері талқыланды.

1369 4

Институт ректоры А. Ш. Иноятов академиялық ұтқырлық аяқталғаннан кейін сертификаттар, біздің елдеріміздің медициналық ғылымы мен медициналық білімінің өркендеуі үшін табыс тілегімен алғыс хат табыс етті.

23.04.2019, 02:45
340 қаралым