Медицина қызметкерлері күнімен!

19.06.2020ж. күні Webex онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Медицина қызметкерлері күніне» арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.О. Пашимов, Оңтүстік медицина қызметкерлері қауымдастығы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы, м.ғ.к. И.Т. Төлеев, ректор М.М. Рысбеков және ОҚМА қызметкерлері қатысты.

1543 1

ОҚМА ректоры М.М.Рысбеков барша ұжымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бұл мамандықтың маңыздылығына тоқталып, абзал жандардың жұмысына сәттілік тіледі.

1543 2

Іс-шараның қадірлі қонағы Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы М.О. Пашимов мырза ОҚМА қызметкерлерінің пандемия кезіндегі ерен еңбектерін атап өтіп, басқарма атынан өз тілегін білдірді.

Оңтүстік медицина қызметкерлері қауымдастығы Қоғамдық бірлестігінің төрағасы, м.ғ.к. И.Т. Төлеев мырза да ыстық ықыласын білдіріп, қауымдастықтың төс белгісін ф.ғ.д., профессор Н.Ж.Орманов алғандығын құрметпен мәлімдеді.

Іс-шараның модераторы, Әлеуметтік мәселелер және Жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім ҚР ДСМ төсбелгісінің иегерлері мен Ректордың Алғыс хатын алған әріптестерді атап шығып, ұжымды құттықтады.

Мерекелік іс-шара соңында ұжымдастарға арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

1543 3

Жыл сайын жоғары деңгейде тойланатын мереке биылғы пандемияға байланысты онлайн түрде өтті. Дегенмен біздің ұжым бұл жайтқа түсіністікпен қарап, алғыстарын жеткізіп, келер күннің жақсы боларына зор үміт артып қоштасты.

Барша ақ халатты абзал жандарды «Медицина қызметкерлері күнімен» шын жүректен құттықтаймыз!

23.06.2020, 00:38
327 қаралым