«Медицина колледждерінің үздік оқытушысы» байқауы

2016 жылдың 25 наурызда «Терапия бакалавриат» кафедрасының ассистенті Корганбаева Хилола Турсынкуловна Түркістан қаласы медицина колледжінде өткен «Медицина колледждерінің үздік оқытушысы» республикалық байқауының облыстық турына қатысып, үшінші орынға ие болды.

752 1

Байқаудың мақсаты – дарынды, шығармашылықпен еңбек ете отырып, оқу-тәрбие үдеріске білім беру бағдарламаларын іске асырып, бәсекеге қабiлетті мамандарды анықтау.

Байқау үш кезеңнен өтті: 1 кезең – «Менің педагогикалық кредо» атты өзін-өзі таныстыру, 2 кезең – тестілеу, 3 кезең – практикалық бөлім «Сабақты ұйымдастыру кезеңі».

752 2

Қорыта отырып, оқытушылық қызметте жоғары нәтижелерге жетуді ынталандыру, оқытушылардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби деңгейін жоғарылату деген байқаудың міндеттері іске асырылды деп айтуға болады. 

05.04.2016, 02:27
482 қаралым