Медицина факультетінің 4 курс студенті Бауыржан ИРИСБАЕВТЫ халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

 

1702 1 

 

1702 3

 

 

 

  

 

4.12.2020 бастап 30.03.2021 дейін Конрад Аденауэр атындағы халықаралық қоры (Германия Федеративтік Республикасы) ай сайынғы негізде сексен мың теңге мөлшерінде SUR-PLACE стипендиясын тағайындауға конкурс жарияланды. Ирисбаев Бауржан, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының медицина факультетінің 4 курс студенті, сондай-ақ "Биология және биохимия" кафедрасының "Биолог" үйірмесінің мүшесі, стипендия иегері болды. Бауыржан Ирисбаевтың есебінде көптеген ғылыми жарияланымдар, қорғау құжаттары, сондай-ақ түрлі ғылыми конференцияларда жүлделі орындар үшін құрмет дипломдары бар.

ОҚМА бірінші проректоры Есиркепов Марлен Махмудович ғылыми жетекші болып табылатынын ерекше атап өткен жөн.

Академия ректораты мен студенттік ғылыми қоғам Бауыржан Ирисбаевты құттықтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын халықаралық деңгейде ілгерілетуде табыс тілейді!

18.05.2021, 04:11
507 қаралым