«Медицинаның өзекті мәселелері» атты XI жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Ағымдағы жылдың 27-28 наурызында Әзірбайжан медициналық университетінде, Баку қаласында «Медицинаның өзекті мәселелері» атты XI жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция және «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саясаты бойынша V спутниктік форум» өтті.
Іс-шара бағдарламасына гинекология, ревматология, педиатрия, стоматология, радиология, хирургия, қоғамдық денсаулық және т. б. өзекті мәселелер кірді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының атынан қатысқандар:
Сейдахметова Айзат Ашимхановна - м.ғ.к., доцент, медицина факультетінің деканы, шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі - конференция модераторы;
Бекарысова Дана Сапаргалиевна - жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің меңгерушісі «Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде тірек-қимыл жүйесі мен дәнекер тінінің ауруларымен сырқаттану» тақырыпта баяндама жасады.
Муталипова Гульмира Зуфаровна – докторант, медицина факультеті деканының орынбасары: «Ревматикалық аурулардағы кардиологиялық асқынулардың алдын алу мәселелерінде кардиологтар мен кең профильді дәрігерлердің хабардарлығы».
Шәймерденова Гүлбану Ғаниқызы - жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті «COVID-19 коронавирустық инфекциясы бар әйелдердегі перинаталдық нәтижелер»;
Ходжакулова Умида Абдывалыевна - докторант, шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ассистенті «Ревматологиялық науқастардың оңалтуға қанағаттануын қолдану арқылы сервис дизайн қызметі»;
Әуезханқызы Дана - докторант, шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ассистенті «Emotional burnout syndrome in the intensive care unit. Analysis of research instrument»;
Аширова Майра Зангаровна - докторант, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ассистенті «Қатар жүретін аурулары бар науқастарда вакцинацияның COVID-19 ағымына әсері»;
Барлық баяндамалар қатысушылардың қызығушылығын тудырды, қатысушылар пікірлермен алмасып, өз салалары мен елдеріндегі түрлі жағдайларға өз көзқарастарын білдірді.
Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Молдова, Беларусь, Түркия, Ресей және Әзірбайжаннан 92 өкіл қатысты.
Сапардың тағы бір маңызды нүктесі екі жоғары оқу орны арасында екіжақты байланыс орнату болды!
Команданың барлық қатысушыларына сәттілік пен шығармашылық табыс тілейміз!