«Медициналық ЖОО-дағы тілдерді оқытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар
13.04.2023 жылы қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен «Медициналық ЖОО-дағы тілдерді оқытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарда қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының доцент м.а. Е.Қ.Сәлім, доцент м.а. А.Н.Қасымбекова, ф.ғ.к., доценттері Г.К.Темірбекова, К.Н.Даркулова мен кафедраның аға оқытушылары А.А.Алтынбекова, А.С.Жакипова, Д.Ж.Кемелхан және шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Б.Л. Медетова, оқытушы А.А.Тастемір тыңдаушыларға өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, баяндамаларын оқыды.
Кафедралардың ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары бойынша оқытушылар сандық технологиялардың қазақ тілі, шет тілі сабақтарында қолданылуы, RBL және тілдерді деңгейлеп оқытудың әдістері, типтік оқу бағдарламаларының тақырыптары жөнінде т.б. мәселелерді талқылады.
Семинарға белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.