«Медициналық білім беру форсайты: мәні мен шындығы» тақырыбындағы үздік баяндама.
«ОҚМА» АҚ 45 жылдығы аясында өткізілген II Халықаралық форумның «Биология, медицина және фармацияны дамыту перспективалары» XI ғылыми конференциясына «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушысы, жас ғалым Мырзазия Ақбаян Әлішқызы қатысып, «Медициналық білім беру форсайты: мәні мен шындығы» атты тақырыпта өз баяндамасын үздік қорғады. Аталған тақырыпта, қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде отандық жоғары оқу орындарының рейтингілік көрсеткіштерін арттыру мақсатында білім берудің үздік технологияларын оқыту үдерісіне қолдануға ерекше мән беріп отыр. Үздік білім беру технологияларының бірі ретінде «форсайт» ұғымының ағылшын тілінен аударғанда «foresight» - «болжау» деген мағынаны білдіреді. Аталған білім беру технологиясының ерекшелігі қарым-қатынас, коммуникациялық білік, дағдылардың жиынтығынан құралған. Білім алушылардың болашақты болжау қабілеттерін қалыптастырудағы оқытушымен бірге ынтымақтастыққа негізделген іс-әрекеттері.
Нәтижесінде, кафедраның оқытушысы Мырзазия Ақбаян Әлішқызы ОҚМА ректорының ІІ-ші дәрежелі Дипломымен марапатталып, жүлделі 2-орынды иеленді. Марапат құтты болсын, жас ғалым!!!