«МЕДИЦИНА КАДРЛАРЫН САПАЛЫ ДАЯРЛАУДАҒЫ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК»
2023 жылғы 26 қаңтарда "Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы "АҚ-да "Медицина кадрларын сапалы даярлаудағы жұмыс берушілермен өзара әріптестік" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар - медицина факультеті.
Дөңгелек үстел жұмысына 200-ден астам адам қатысты, олардың ішінде өңірлік денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары, сондай-ақ медицина факультеті ББ профессор-оқытушылар құрамы және ЖОО білім алушылары болды. Сонымен қатар, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар және Атырау облыстарының өңірлік денсаулық сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары онлайн Zoom платформасында қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы ОӘжТЖ бойынша проректор, м.ғ.д. М. У.Анартаева болды.
Мәжілісте келесі мәселелер талқыланды: Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру, АДСК үшін дәрігерлерді даярлау, мемлекеттен жас мамандарды қолдаудағы әлеуметтік саясат, өңірлердегі дәрігер кадрларының қажеттілігі, оқытудың барлық деңгейлері бойынша білім беру бағдарламарының миссияларын талқылау, “ОҚМА”АҚ мен жұмыс берушілер бітіруші түлектердің жұмысқа орналастыру мәселелерін бірлесіп шешу жолдары..
Баяндамаларда көтерілген мәселелер қатысушылардың арасында үлкен қызығушылық пен қызу пікірталас тудырды. Пікірталас барысында дәлелді фактілер келтіріліп, пікірлер мен ұсыныстар айтылды.
Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша қарар қабылданды.