MDS-UDysRS қазақ нұсқасының зерттеу нәтижелерін халықаралық платформада ұсыну

Абдраимова Салтанат Орынбасаровна Халықаралық Паркинсон ауруы және Қозғалыс бұзылысы қоғамының конгресіне қатысты. Конгресс 2024 жылдың 27 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтті. Бұл маңызды халықаралық ғылыми шарада Абдраимова С.О. "Validation of the Kazakh Version of the Movement Disorder Society-Unified Dyskinesia Rating Scale " тақырыбында постерлік баяндама жасады, ол Паркинсон ауруының маңызды аспектілерін қамтиды.
Бұл зерттеу MDS-UDysRS шкаласының ресми қазақ тіліндегі нұсқасын жасауға бағытталды. Ресми ағылшынша шкала UDysRS қазақ тіліне аударылып, кейін екі тәуелсіз аударма тобының көмегімен ағылшын тіліне қайта аударылды. Қазақ тіліндегі нұсқаға алдын ала когнитивтік тестілеу жүргізіліп, аударма құрылымына және формулировкаларына қажетті өзгерістер енгізілді. Қазақ тіліндегі соңғы нұсқа Паркинсон ауруымен ауыратын 250 науқасқа қолданылды. Қазақша MDS-UPDRS сауалнамасының барлық төрт бөлігінің CFI (салыстырмалы сәйкестік индексі) көрсеткіші эталонмен салыстырғанда 0,94 құрады. Зерттеу факторлық талдау екі деректер жиыны арасында кейбір айырмашылықтарды анықтады, алайда бұл айырмашылықтар қабылданарлық деңгейде деп саналды. Алынған нәтижелер қазақ тіліндегі MDS-UDysRS аудармасының адекватты клиниметриялық сипаттамаларына ие екенін көрсетеді. Олар ресми аударма ретінде бекітілді және қазақтілді популяцияда сенімді түрде қолданылуы мүмкін. https://www.movementdisorders.org/
Халықаралық Паркинсон ауруы және Қозғалыс бұзылысы қоғамының конгресі – ғылыми білім алмасу мен қозғалыс бұзылыстарындағы заманауи жетістіктерді талқылаудың маңызды алаңы. Мұндай шараларда қатысу жетекші ғалымдар мен мамандармен өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу және жаңа ғылыми және іскерлік байланыстар құру үшін ерекше мүмкіндік береді.
Абдраимова С.О. – неврология, психиатрия, реабилитология және нейрохирургия кафедрасының докторанты және ассистенті:
"Мен үшін осындай маңызды халықаралық конгрессте өз нәтижелерімізді таныстыру үлкен мәртебе болды, мен тревел грант иегері ретінде қатыстым. Профессор Жаркинбекова Н.А. мен PhD доктор Каиржанов Р.Б. жетекшілігімен жүргізілген зерттеу Паркинсон ауруы бар науқастарға әлемдік стандарттарға сай білікті медициналық көмек көрсетуге бағытталды, және біз зерттеу нәтижелері неврологияның одан әрі дамуына пайдалы болады деп сенеміз."
Халықаралық Паркинсон ауруы мен қозғалыс бұзылыстары конгресі 2024 жылдың 27 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында АҚШ-тың Филадельфия қаласында өтті. Қатысушылар саны 4800 адам, 100-ден астам елден. Жалпы ұсынылған ауызша баяндамалар саны 107, постерлік баяндамалар саны 1800 болды. Тревел грант иегерлері 250 адамды құрады.

16.10.2024, 16:46
210 қаралым