Мастер-класс «Фармациядағы тиісті тәжірибелердің халықаралық стандарттары. GXP тұжырымдамасы»

2020 жылдың 8 қаңтарында ЖШС «EUROPHARMA» мен АҚ «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» арасында ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды. Тараптар ынтымақтастығының бір бағыты - академияның оқытушылар құрамы ЖШС «EUROPHARMA» жұмыс істейтін қызметкерлер үшін семинарлар өткізу.

1562 1

Осыған байланысты, ОҚМА Фармация ісін ұйымдастыру және басқару (ФІҰжБ) кафедрасы 06.10.2020 жылдан 09.10.2020 жыл аралығында «EUROPHARMA» компаниясының фармацевт – мамандарының тәжірибелік шеберлігін жетілдіру бойынша, ФІҰжБ кафедрасының доценті, PhD Г.Ж.Умурзахова «Фармациядағы тиісті тәжірибелердің халықаралық стандарттары. GXP тұжырымдамасы» атты мастер-класс ұйымдастырып, өткізді.

1562 2

Мастер класс «Фармациядағы тиісті тәжірибелердің халықаралық стандарттары. GXP тұжырымдамасы» қашықтықтан оқыту режимінде, ZООM платформасында өткізілді және республикалық ауқымға ие болды. ЖШС «EUROPHARMA» басшылығы Академиямен байланысты одан әрі нығайтуға ықыласы мен алғысын білдірді.

1562 3

1562 4

1562 5

1562 6

13.10.2020, 22:11
489 қаралым