Мәңгі жаса, туған елім – Қазақстан!
Қазақстан Республикасы күні – еліміздегі ең айтулы және мерекелік іс-шаралардың бірі. Бұл күні, жыл сайын қазақстандықтар өз тәуелсіздігінің жандануы мен дамуын атап өтеді. Бұл мереке патриотизмге, мақтаныш пен қуанышқа толы және өмірдің әртүрлі салаларында жаңа биіктерге жетуге деген ұмтылысты білдіреді.
2023-жылдың 24-қазанында «Педиатрия-2» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы В-ПКА-01-23, В-ПКБ-01-23, В-ПК-02-19 кураторлық топтарымен бірлесіп «Мәңгі жаса, туған елім – Қазақстан!» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды.
Іс-шараны «Педиатрия-2» кафедрасының доценті Ж. К. Жұмабеков құттықтау сөзімен ашты. «Республика күнінің» қайта жаңғырту тарихы кафедра ассистенттері Қарсыбаева Қ.Р. мен А.Т.Адильбекованың баяндамаларында баяндалды. Білім алушылар патриоттық рухты көтеріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған концерттік бағдарлама дайындады.