Магистратура түлектеріне диплом табысталды!
2022 жылдың 11 шілдесі күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында Магистратура бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді диплом алуларымен құттықтап жас мамандарға ақ жол тіледі.
Ары қарай құттықтау сөзді ОҚМА Бірінші проректоры Есиркепов М.М, ОҚМА оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Анартаева М.Ұ, Жедел медициналық жәрдем және мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А.А., Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі Сарсенбаева Г.Ж., Гигиена және эпидемиология кафедрасының меңгерушісі Утепов П.Д.жалғастырды.
Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз! Келешектерің кемел, болашақтарың нұрлы болсын!