Магистранттардың ғылыми-зерттеу тағылымдамасы (ҒЗТ)

911 1

2016 жылдың 30 қараша және 8 желтоқсан күндер аралығында «Фармакогнозия және химия» кафедрасының «Фармация» мамандығы, ІІ курс магистранттары Л.Т. Бадалова және Р.А. Козыкеева ғылыми-зерттеу тағылымдаманы Прага қаласында, ПДО (Прага дамыту орталығында), Чехия Республикасында өтті. 

ҒЗТ өту барысында Карлов университетінің алдыңғы қатарлы дәріскерлері және Чехиядағы фармацевтика саласының өкілдері дайындаған дәріс курстары тыңдалды. 

Магистранттарға Прагадағы ауруханалар мен клиникаларға бару  және семинарларға қатысу ұйымдастырылды.

Прагадағы «Мотол» клиникалық ауруханасы. (Fakultní nemocnice v Motole) — Чехиядағы ең ірі ауруханалардың бірі болып табылады. Сонымен қатар бұл Чехиядағы шет елдіктерге «ресми» аурухана болып саналады.

911 2

Прагадағы орталық клиникалық аурухана (Všeobecná fakultní nemocnice v Praze) — Чехиядағы ең үлкен клиникалық аурухана. Ол тікелей денсаулық сақтау министрлігімен басқарылады. Оның ғимараттары мен бөлімшелері тек Прагада емес, сонымен бірге бүкіл Чехияда орналасқан.

Тағылымдаманың соңғы күні Прага дамыту орталығының директоры және инновациялар мен технологияларды басқару академиясының президенті, доктор Намозов Орифжан магистранттарға ғылыми-зерттеу тағылымдамасын өткен жайында сертификаттар үлестірді.

911 4

ҒЗТ бізге, Чехия Республикасының денсаулық сақтау саласы жүйесімен танысуға және медициналық сақтандыру жайында терең ұғынуға септігін тигізді.

ОҚМФА әкімшілігіне бізге тағылымдыма өтуге мүмкіндік бергеніне алғыс білдіреміз.

21.01.2017, 01:59
406 қаралым