Мәскеу қаласындағы халықаралық қатысумен Х жыл сайынғы Бүкілресейлік жұқпалы аурулар бойынша Конгресс

Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында 2018 жылдың 26-28 ақпан айында халықаралық қатысумен өткен Х жыл сайынғы Бүкілресейлік жұқпалы аурулар бойынша Конгресс жұмысына жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі Абуова Г.Н. және доцент Бердалиева Ф.А. қатысты. 

1077 1

Бұл форум ТМД көптеген қалаларының тәжірибелік дәрігерлер мен ғалымдардың, медициналық оқу орындарының студенттері, қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдастырушыларының үлкен қызығушылығын тудырды. Конгресс бағдарламасында балалар мен ересектердің жұқпаларының алдын алуда маңызды диагностика мен емдеудің жаңа тәсілдеріне назар аударылды. 

1077 2

ОҚМА қызметкерлері ОҚО өзекті мәселе болып табылатын зоонозды инфекциялар, бруцеллезге арналған ауызша баяндамалар жасады. Конгресс материалдарында жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының магистранттармен және дәрігер-интерндермен бірге дайындалған тезистері жарияланды. Конгресс барысында алынған баға жетпес тәжірибе интернатура, резидентура, магистратура және ФНПР оқу үдерісіне енгізіледі.

07.03.2018, 04:55
391 қаралым