М.Оспанов атындағы БҚМУ-де академиялық ұтқырлық

Академиялық ұтқырлық шеңберінде 2022 жылғы 25.11.2022 ж. – 07.12.2022 ж. аралығында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру және қоғамдық денсаулық» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент Сарсенбаева Гульзат Жанабанвна «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университетінде» КЕАҚ «Менеджмент және маркетинг» дисциплинасы бойынша 90 сағат (3 кредит) көлемінде күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес «ҚДС және Стоматология» факультеттеріне дәрістер, практикалық және СОӨЖ сабақтар өткізді.

Академиялық ұтқырлық іс сапар барысында дәріс, практикалық сабақтар және СОӨЖ өткізу, желтоқсанда өткізілген конференцияға модератор болу, сонымен қатар өзекті тақырыптар бойынша бірлескен жарияланымдар жасау болды.
Дәрісті «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., асс. профессор Ермұханова Людмила Сергеевнамен бірлесе отырып кәзіргі заман талаптарына сай пікір талас түрінде өте тартымды өткізілді, яғни қос лектор дәріс оқыды.
Практикалық және СОӨЖ сабақтар оқытудың инновациялық технологияларын, проблемалық оқыту элементтерін пайдалана отырып, мына тақырыптар бойынша: менеджменттің мәні мен категориялары, менеджменттің тиімділігі, менеджменттің қажеттілігі мен мәні, менеджменттің маңызды категориялары, менеджменттің басқару циклі, нарықтық экономика жүйесіндегі рөлі мен маңызы, сұраныс пен ұсыныс ұғымы тақырыптарында жоғары кәсіби деңгейінде өткізілді.
Дәріс барысында алған білімді бекіту және қалыптасқан білгірлігін өзектендіру үшін студенттермен кері байланыс орнатылды. Қойылған сұрақтарға толық жауап алған студенттер алғыстарын айтып оң пікірлерін білдірді.

«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ, және «ОҚМА» АҚ арасында ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлары жасалды. Ынтымақтастықтың, тәжірибе, білім алмасудың маңыздылығын атап өтіп, сертификат табысталды.
Сапар соңында оқытушылар жылы лебіздерін білдіріп, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде жоғары оқу орындарының одан әрі белсенді ынтымақтастығы туралы куәландырды.
«Марат Оспанов атындағы БҚМУ» КЕАҚ «Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау» кафедрасының жетекшісі м.ғ.к., асс. профессор Ермұханова Людмила Сергеевнаға өзінің тәжірибесімен бөліскен үшін алғысымды білдіремін.

 

13.12.2022, 12:54
423 қаралым