Мәңгілік елдің тілі де мәңгілік!
Тіл - ұлттың жаны, халықтың асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата заңмен қорғалатын, еркіндігінің үні. Әлем бойынша жалпы 6 мыңға жуық тілдің жүзі ғана мемлекеттік деген статусқа ие болған. Соның бірі біздің мемлекеттік тіліміз-қазақ тілі. Осыған орай, Қазақстан Халқының Тілдер Күніне шет тілдері кафедраcы ОҚМФА акт залының сахнасында үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырды. «Мәңгілік елдің тілі де мәңгілік» атты концерттік бағдарламаға кафедра оқытушыларының қолдауымен академия студенттері қатысып, өз өнерлерін көпшілікке көрсетті. Концерттік кешті қазақ және латын тілі кафедрасының меңгерушісі Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы ашты. Студенттер өздерінің қазақ тілін жақсы меңгере отырып, орыс және ағылшын тіліне де көңіл бөлетіндіктерін көрсете білді. Концерт барысында шырқалған «Рух пен тіл», «Мереке», ағылшын тіліндегі әндері, «Қара жорға», «Ұйғыр биі», «Вальс» билері, нақышына келтіріле орындалған «Адай» күйі көрермен көңілінен шықты. Концертті тамашалауға ОҚМФА оқытушылары мен студенттері келді.