Мәңгілік ел Қазақстан – ортақ шаңырақ мекені!
2017 жылдың 2 наурыз күні сағат 15.00-де Жастар саясаты бөлімі мен «Бірлесу» достық клубының ұйымдастыруымен 1 наурыз - Қазақстан Республикасы Халықтар ассамблеясының құрылу күні аясында «Алғыс айту» күніне арналған «Мәңгілік ел Қазақстан – ортақ шаңырақ мекені!» атты мерекелік кеш өтті. Аталған кешке Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығынан Бесбаев Мади, қырғыз және түрік этно мәдени орталықтарының өкілдері қонақ ретінде шақырылды. «Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиясымен» және «Шет тілі» кафедраларының ұйымдастыруымен 6 ұлттың (қазақ, орыс, өзбек, түрік, грек, үнді) ұлттық киім үлгісі мен ұлттық тағамдары таныстырылды. «Бірлесу» достық клубының атқарған жұмыстары жөнінде есеп беру презентациясы таныстырылып, клубтың белсенді мүшелері грамотамен марапатталды. Әр елдің мәдениеті таныстырылған бұл шарада клуб мүшелерінің орындауында ән шырқалып, жырдан шашу шашылды (қамтылған студенттер саны 450).