Мұғалімнің құзыреттілігі

1180 1

Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының профессор оқытушылар құрамы үшін Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы және шет тілдер кафедрасы  әлеуетті арттыру бағдарламасы шеңберінде, ОҚМА-да ағылшын тілін оқыту бойынша курстар ұйымдастырылды. 2018 жылдың 15 наурызынан бастап 15 маусым аралығында  үш топта Pre-Intermediate, Intermediate,Upper-Intermediate деңгейлерінде 25 оқытушы оқытылды.

Курстар Академияның барлық профессор оқытушылар құрамына үлкен қызығушылық тудырды. Шет тілдері кафедрасының оқытушылары Г.О. Алипбаева,  Ф.Т.Ыбрай, У.А. Хасановаға  жоғары біліктілігін көрсетіп, курсты жақсы ұйымдастырғаны үшін алғысымызды білдіреміз. Әрбір тыңдаушы мықты білімдерін алды, ағылшын тілін одан әрі оқу үшін мотивацияны арттырды.

25.06.2018, 00:21
285 қаралым