Ұлыстың ұлы күні Наурыз!

2017 жылдың 7 сәуір күні жатақханада «Ұлыстың ұлы күні Наурыз» мерекесі аталып өтілді. Декандар, кафедра меңгерушілері шараны ашып беріп, жатақхана студенттерін мерекемен құттықтады. Кафедралар ұйымдасқан түрде дастархан жайып, белсенді студенттер концерттік бағдарлама құрды. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз насихатталып, кішкентай балақайдың тұсауы кесілді. Студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Сейтжаппарқызының демеушілігімен ас берілді. Ұтқырлық бойынша білім алатын Ресей және Үнді  студенттері қазақтың мерекесін қызықтап, қуанышымызды бірге бөлісті. Ұйымдастырушылар: Жастар саясаты бөлімі, ОҚМФА студенттік кәсіподақ ұйымы, «Терапия бакалавриат», «Жұқпалы аурулар», «Гигиена 2» кафедралары мен жатақхана студенттік кеңесі.

960 1

960 2

960 3

10.04.2017, 06:08
342 қаралым