«Ұлы жылдарға тағзым…»

547 1 1

Оқу Ордамызда Жеңістің 70 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар толастар емес...

Солардың бір көрінісі 06.05.2015 ж. «Дәрілер технологиясы және инженерлік пәндер» кафедрасының 3 курс «Фармация» мамандығы тәлімгерлік топтарымен ашық тәрбие сағаты болды.

547 2 2

Дүние жүзін дүр сілкіндірген қан төгістен басталып, жүректерді жарып жеткен Ұлы Жеңістің қуанышына ұласқан «Ұлы Отан соғысының - 70 жылдығына» арналған мерекелік іс-шара екі тілде өтті. Тәлімгерлік сағатқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері – Естемисов Қ., Шевшенко В.П., Кисляцких К.Ф. және тыл ардагері – Горбунова Г.И. қонақ ретінде шақырылды.

547 3 3

«Әскери вальс», «Катюша» биін билеп, «Мәншүктің монологын» оқыған студенттер көрермендерді ерекше ықыласқа бөлеп, ардагерлердің көзіне өткен жылдардың белгісіндей еріксіз жас алдырды. Тәлімгерлік сағат соңында студенттер хор айтып, ардагерлерге рахметтерін білдірді.

547 4 4

Талай халықтың қан мен терімен келген бейбітшілікті сақтау – міндетіміз!

547 5 5

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес…! Ал ұмытпас үшін біз, кейінгі ұрпақ, алдымен көкірегін оққа тосқан батырларымызды білуіміз керек, есте сақтауымыз керек және мақтан етуіміз керек! 

547 6 6

547 7 7

 

12.05.2015, 04:48
386 қаралым