Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына орай
2015 жылдың 5 мамыр күні Облыстық жастар үйінде ОҚМФАның "фармация" факультеті 301 (а,б), 307 (а) тобы студенттерімен қалалық маштабта іс-шара өткізілді. 2014 жылдан бері фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы Облыстық жастар үйін басшылыққа алған болатын, сондықтан жылдың актуальды, маңызды сұрақтары аясында конференциялар, презентациялар мен дөңгелек үстелдер өткізеді.
Ұлы Отан соғысы жеңісінің 70 жылдығы қарсаңында, Облыстық жастар үйінде 16 мен 25 жас аралығындағы жастарға, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында "Алкоголизм-ғасыр дерті", "Туберкулез- әлеуметтік індеті", "Дұрыс тамақтану–денсаулық кепілі" тақырыптарында презентациялар өткізілді. Бейнебаяндар мен презентациялар дайындалды, қайырымдылық мақсатында онлайн сұрақтар өткізіліп, түрлі сыйлықтар таратылды. Студенттер өздерінің дайындаған шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.
Іс шараға студенттер ғана емес, сонымен қатар ұйымдастырушылар, тәрбие ісіне жауаптылар, фармакология, фармакотерапия, клиникалық фармакология кафедрасының тәрбие жұмысына жауапты, аға кураторы, доцент м.а. Абуова Г.Т, және 301 (а,б) тобының кураторы, доцент м.а. Қорғанбаева З.С., аға оқытушы кураторлар Құрбанов А.А., Алиев Е.Т., Исаев Ж.Б. белсенді қатысты.
Облыстық жастар орталығының жастарына, сонымен қатар "фармация" факультетінің студенттеріне іс шараның ұйымдастырылуы өте ұнады. Алдағы уақытта облыстық жастар орталығының жастарымен достық қарым қатынаста болуды тілейміз.