Лудомания – қоғам дерті

«Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының В-ФӨТҚА-02-20 тобының тәлімгері Бахтиярова Балжан Алмаханбетовна топпен бірге ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатқа «Фармация» факультеті декан орынбары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы, кафедра меңгерушісі Арыстанбаев Куттыбек Есенгельдиевич және кафедра оқытушылары қатысты.

Соңғы жылдары елімізде құмар ойынға шалдығып, қолдағы барын бәске тігіп, қиын жағдайға душар болып жатқандар қатарының артуы елді алаңдатып отыр. Тіпті кейбір жандар қалтасындағы соңғы тиынын санап, букмекерлік кеңсеге түнейтін жағдайға жеткені де рас.

Тәрбие сағаты барысында білім алушылар 3 топқа бөлініп пікірталас ретінде өз ойларын білдірді. Құмар ойындарға деген тәуелділіктің негізгі себептері: жалғыздық, қанағаттанбаушылық, оңай олжа, әрқилы тәуелділіктерге тез ергіштік, психикалық бұзылыстарға тоқталып,
– Адам не үшін құмар ойын ойнайды?
– Ойын кезінде адам өзінің қандай мұқтаждығын қанағаттандырғысы келеді?
– Құмар ойын түрлеріне тәуелді тұлғаның ойынша адам өмірін кім басқарады? Өзі ме, әлде осы зиянды әдет пе?
– Өмірде ойыннан басқа ешқандай қызықтың қалмау себебі не?
– Егер ол адам үшін ең бір жанға жайлы орын ойын мекемесі болса, әрі қарайғы өмірін қалай елестетеді?
– Адам өзін осындай бақытсыздыққа саналы түрде әкеледі ме? Әлде лудомания психотипті ауру ма?- білім алушылар арасында қызу пікір талас жүргізіп, жоғарыда аталған сұрақтарға жауап іздеді.

«Фармация» факультетінің декан орынбасары Мәлік Мырзаханұлы сөз алып, ойын құмарлық жастар арасында туындап жатқан үлкен мәселе, жеке тұлғалық жағынан да, әлеуметтік жағынан да қоғамның күрделі мәселесіне айналғаны рас деп өз ойын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

28.12.2023, 16:37
495 қаралым