Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының конференциясы

1140 1

2018 жылғы 26-27 сәуірде Алматы қаласында ҚР ДСМ Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығының 85 жылдық мерей тойына арналған  

«Туберкулез эпидемиясын жоюдың жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына  Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы терапиялық пәндер кафедрасының доцент м.а. Касаева Л. қатысты.

1140 2

Конференция барысында әлемдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай «Туберкулезді жою» ДДҰ стратегиясы (End TB), тез және тиімді әрекет ету уақыты – туберкулезсіз Қазақстанға жол, туберкулезге қарсы жаңа дәрі – дәрмектерді және емдеу кестелерін тәжірибеге енгізу, туберкулезге қарсы көмектің пациентке бағытталған моделі, TB-REP жобасы мысалында аймақтық тәсілдеме, End TB жобасының аясында жаңа туберкулезге қарсы дәрілерді енгізу тәжірибесі, пациентке бағытталған тәсілді енгізу тәжірибесі талқыланды. Сонымен қатар жұмыс тобында ДДҰ «Туберкулезді жою» стратегиясына сәйкес туберкулезге қарсы қызметті реформалау, пенитенциарлық жүйеде туберкулезге қарсы сапалы көмек көрсетуді ұйымдастыру, көптеген дәріге тұрақты туберкулез диагностикасының жылдамдатылған әдістеріне толық қол жетімділікті қамту арқылы зертханалық қызметті жетілдіру, көптеген дәрілерге тұрақты туберкулезбен ауыратын пациенттерді, балаларды қоса, емдеуде жаңа дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы қысқа мерзімді және жекешелендірілген кестелерді қолдану, пациентке бағытталған тәсілдемені қамтамасыз ету арқылы амбулаторлық емдеуді кеңейту мәселелері қаралды. 

Осы конференцияда доцент м.а. Л. Касаева «ОҚО психикалық науқастардағы туберкулез» тақырыбында  постерлық баяндама жасап, 2 орынға ие болды.

03.05.2018, 22:13
353 қаралым