Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне арналған онкүндік «Алкогольді ішімдіктерді жарнамалауды тоқтату»

2015 жылдың 19-28 қазан аралығында ОҚМФА Жастар денсаулық орталығының басшылығымен «Терапия  бакалавриат», «Терапиялық пәндер», «Инфекциялық аурулар  және дерматовенерология», «Акушерия және гинекология курсымен алғашқы медико-санитарлық жәрдем», «Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі», «Қоғамдық  денсаулық сақтау-1», «Қоғамдық денсаулық сақтау- 2» кафедраларында  студенттердің  қатысуымен  кураторлық  топтарда  ағзаға алкогольдің кері әсері туралы  халықтың  хабардарлығын  арттыру, әсіресе  балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында ішімдікті  шамадан  тыс  тұтынудың  алдын алу, сау және салауатты өмір салтын қалыптастыру  мақсатында  28 қазан -  Ұлттық  алкогольді  тұтынудан  бас  тарту  күніне  орай «Алкогольді ішімдіктерді жарнамалауды тоқтату!» шақыруы арқылы кураторлық сағаттар өткізілді.

625 1 1

Қоғамдық  денсаулық  сақтау -2  кафедрасы

Алкогольді  тұтыну ауру  және  жарақатпен  байланысты  денсаулықтың  бұзылуының 200-ден  астам түрінің себепті факторы болып табылады.      

625 2 2

Қоғамдық  денсаулық  сақтау -2  кафедрасы

625 3 3

Терапия бакалавриат кафедрасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметтері  бойынша алкоголь  әлемде ауру  мен мезгілсіз өлім-жітімнің үшінші  жетекші  себебі болып  табылады. Әлемде алкогольді  шамадан  тыс  тұтынудың  нәтижесінде 3,3 миллион  өлім – жітім  оқиғасы болады.

Іс – шара барысында студенттер жоғары белсенділік пен қызуғышылық танытты. Кураторлық сағаттарда студенттерге өздерін қызықтыратын сұрақтарын куратор жетекшілеріне қоюға мүмкіншілік туғызылды. Көптеген  сұрақтардың  ішінен  студенттер арасынан  өте  сирек қойылған  сұрақтар  алкогольді  бауыр  циррозының  даму  механизмі  және  созылмалы  маскүнемділіктің қазалы нақты себептері туралы сұрақтарын мұғалімдер белгілеп  алды.

 625 4 4

Инфекциялық аурулар және дерматовенерологя кафедрасы

Кураторлық сағат барысында студенттер жарналамауға  тыйым  салу – балалар мен  жастардың санасына  кері  бағытталған  жарнама  мен  маркетингтік  орынсыз  және  жауапсыз  қабылдауға  жол бермеуге  арналған  тетіктердің бірі деген қорытындыға  келді.                          

27.10.2015, 23:07
678 қаралым