Литва денсаулық ғылымдары университетінде ғылыми тағылымдама

ОҚМА «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттары Ибрагимова К.М., Кеңесбек Д.М. Литва денсаулық ғылымдары университетінде LSMU, Литва, Каунас қ., Erasmus + AccelEd жобасы аясында ғылыми тағылымдамадан өтуде. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты: магистранттар мен докторанттардың Қазақстандағы мейіргер ісі бойынша қосымша білім алу құзыреттіліктерін дамытуға және оқыту мен ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға қызығушылықтарын арттыру.

Тағылымдама LSMU университетінің сарапшысы – Jurgita Gulbiniene тәжірибенің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру және бағдар беру кездесулерін өткізді.
Магистранттар семинар жұмысына қатысты, бакалавриат студенттерінің практикалық сабақтарына қатысты, жаңа педагогикалық оқыту әдістерімен танысты. Магистранттарға басылымдарды, диссертацияларды және мақалаларды оқу үшін LSMU кітапханасындағы мәліметтер қорына рұқсат берілді.
С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ магистранттарымен бірге LSMU -да шетелдік бакалавр студенттеріне «Геронтологияға кіріспе» тақырыбында лекция оқыды.

13.03.2023, 11:31
547 қаралым