Әлемнің «Екінші Ұстазы» Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл тақырыбы аясындағы онлайн вебинар

06.05.2020 ж. «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы ПОҚ-ң ұйымдастыруымен ZOOM платформасы негізінде Әлемнің «Екінші Ұстазы» Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл тақырыбы бойынша онлайн вебинар өткізілді. Вебинарға жалпы саны жүзге жуық оқытушылар, студенттер және қонақтар белсене қатысты. Вебинардың ашылуын, өзінің құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Сенат депутаты Н.Қ. Бекназаров өз пікірінде қазіргі таңдағы қоғамдағы мемлекеттік қызметкерлердің этикалық Кодексті сақтауы мен Әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» трактатындағы ел басқарушылардың бойынан табылуы тиіс құндылықтары жөнінде өзінің құнды пікірлерімен бөлісті.

1530 1

Вебинар модераторы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Ж.О.Нұржанбаева Әбу Насыр Әл-Фарабидің ғылым жолындағы жетістіктеріне тоқталды.

1530 2

Сонымен қатар кафедраның оқытушысы З.Б.Дарашева «Фарабидің медицинадағы жеті міндетін жаңашылдықпен дамыту» тақырыбымен, аға оқытушы А.С.Еркінбекова «Әл-Фараби мен Абайдың рухани мұраларының сабақтастығы» тақырыптары бойынша презентацияларымен баяндады. Аталмыш вебинарға студенттер қауымы да қалыс қалмады. Атап айтсақ, ЖМ-05-19 тобының студенті Фазыл Мөлдір өз шығармасындағы Әл-Фараби мен Абайға арнау өлеңін оқып берді. Әл-Фараби мұрасының жастарды қайырымдылыққа тәрбиелеудегі маңыздылығы жөнінде ФӨТ-01-19 тобының студенті Құлтасова Аяжанның баяндамасы өзек болды.

1530 3

Қорыта айтқанда, вебинар мазмұнды және тартымды өтті, қатысушылар өз пікірлерін білдірді, студенттер қызығушылықпен белсенді қатысты. Әбу Насыр Әл-Фарабидің ой толғамдары болашақ мамандардың бойында ізгілік қасиеттерін тәрбиелеуде өз маңыздылығын жоймайды. Вебинар соңында қатысушылар осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізудің маңыздылығын атап өтті.

1530 6

12.05.2020, 00:06
292 қаралым