Әлемді өзгертетін идеялар!

877 1

2016 жылдың 15-16 қараша күндері Ұлт Көшбасшысы кітапханасы әкімшілігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы Ұлт Көшбасшысы кітапханасында  өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингке Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы 2-4 курстардың үздіктері, Президент стипендианттары, белсенді студенттері Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Ғ.Д.Оразымбетованың жетекшілігімен қатысып келді. Ұлт Көшбасшысы кітапханасының бұл жаңа білім жобасы ҚР Тұңғыш Президентінің  идеялары мен ғаламдық бастамаларын, бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын меңгеруге бағытталған. Онда түрлі тақырыптар бойынша белгілі отандық профессорлар, ғылым кандидаттары мен докторлары дәріс оқыды.

 877 2

Екі күндік семинар-тренинг барысында ұйымдастырушылар студенттерге Ұлттық мұражай, Тұңғыш Президент мұражайы, Опера-балет театры, Ұлт Көшбасшысы кітапханасына экскурсия ұйымдастырды. Аталған экскурсиядан студенттер ерекше әсер алды. 

877 3

Семинар-тренинг соңында студенттерге Қазақстанның бас нейрохирургі, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ төрағасы  С.Ақшолақовпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында болашақ мамандар  қатерлі ісіктерін емдеу, басты ауыстырып отырғызу, ұялы телефон – онкологиялық ауруға алып келетін жолдар, нейрохирургия саласындағы дәрімен қамтамасыздық секілді  т.б. өзекті мәселелерді көтеріп, сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар алды. Студенттер семинар-тренинг сертификаттарын осындай атақты нейрохирургтың  қолынан алғандарын үлкен құрмет санап, қуаныштары мен алғыстарын ұйымдастырушыларға және академия басшылығына алғыстарын білдірде отырып, студенттік кездің ұмытылмас шақтары болып қалатынын жеткізді. 

04.12.2016, 22:19
338 қаралым