«Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты интернет олимпиадасы

2021 жылдың 22-қыркүйегінде ОҚМА «Медицина» факультетінің 1-2 курс студенттері Әбутәліп Арай, Қурал Сәуле, Жунісәлі Бектөре, Айтбаева Сымбат, Қарсыбаева Сымбат, Рысбек Перизат, Әскербек Әсел ҚР Орталық сайлау комиссиясы мен Демократиялық партиялардың дамуы мен азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау мониторингісінің халықаралық институты мен біріге отырып, ҚР ЖОО Ассоциациясы мен ТМД МПА қатысушы елдерінің ЖОО студенттері арасында өткізілген «Әлем елдерінің сайлау жүйелері» атты интернет олимпиадасына белсенді түрде қатысты.

Студенттер Қазақстанның сайлау заңнамасы мен шетелдік сайлау жүйелері бойынша білімдер деңгейін нақтылауға онлайн-тестке қатысты.
Студенттер ҚР сайлау заңнамасынан өте жақсы білімділігін көрсетті және ҚР ОСК төрағасы Б.Қ.Имашев қол қойған атаулы сертификаттармен марапатталды. Студенттердің дайындығын «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары: доцент м.а. Айдарбекова Ғ.С., аға оқытушылар: Еркінбекова Ә.С., Махатова Л.Т., Ибраимова А.Ж. іске асырды.

17.11.2021, 18:52
476 қаралым