«Өлең сөздің патшасы» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы

Тәрбие жұмысының жоспарындағы Рухани адамгершілік даму бағытына сәйкес, «Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы» мерейтойына орай 2020 жылдың 12 ақпан күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен «Болашақ» АЖО мүшелері көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырды. Байқауды ұйымдастырудағы мақсат – тіл мәдениетін көтеру, А.Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, қоғамдық өмірге белсене қатысуына көмек көрсету, студенттердің шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, талантты жастарды қолдау және анықтау.

1497 1

Байқауға 10 үміткер қатысып, екі кезең бойынша бақ сынасты. Атап айтқанда, ұлы ақын А.Құнанбайұлының шығармаларын және ақиық ақын М.Мақатаевтың өлеңдерін оқу.

1497 2

Әділ қазылар алқасының құрамында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі, «Үздік жас ақын-2019» номинациясының иегері Бауыржан Ерман, Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Намаз Жұлдыз, қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының аға оқытушысы Жакипова Азиза төрелік жасап, сахналық образдарына қатаң көңіл бөліп әділ бағаларын берді.

1497 3

Сайыс нәтижесі бойынша І орынды – Шілтер Нұртілеу, ІІ орынды – Тангиров Нұрсұлтан, ІІІ орынды – Фазыл Мөлдір иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1497 4

1497 5

Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Жастар саясаты бөлімі

12.02.2020, 22:09
260 қаралым