КРЕАТИВТІ ЭКОНОМИКА
Фармация ісін ұйымдастыру және басқару кафедрасында ЮНЕСКО кластерлік бюросының креативті кәсіпкеркті оқыту бойынша жоба тренері, АлмаU Креативті Индустрия орталығының директоры м.а. Айгүл Маратқызымен «Креативті экономика» тақырыбында ашық дәріс өтті.
Дәріске «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының ПОҚ құрамы мен 4 курс «Фармация» мамандығының білім алушылары қатысты.
Дәріс мазмұны төмендегідей сұрақтарды қамтыды:
• Креативті экономика дегеніміз не?
• Креативті индустрия дегеніміз не және дамуы
• Қазақстанда креативті хабар құру
Дәрісте жаһандық және ҚР бойынша креативті идеялар айтылып, білім алушылардың қызығушылығын тудырды және дәріс соңында «ФІҰБ» кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Шертаева К.Д. және фарм.ғ.к., профессор м.а. Жұмабаев Н.Ж. тақырыпқа байланысты ой-пікірлерімен бөлісіп, қызықты дәріс оқыған Айгүл Маратқызына өз алғыстарын білдірді.