Көшбасшылық аптасы - 2023

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері керемет жаңалықтармен қуантады! Біздің екі жарқын және талантты студенттеріміз “Көшбасшылық аптасы - 2023"халықаралық жазғы мектебінің бағдарламасы аясында үздік жетістіктері үшін 2 орынмен марапатталды.
Самарқанд мемлекеттік медицина университетінің аумағында өткен бағдарлама кәсіби және жеке дамуға ұмтылған ТМД елдерінің студенттерін біріктірді. Бағдарламаға қатысушылар көшбасшылық және топтық жұмыс дағдыларын дамытуға, сондай-ақ шығармашылық ойлауды ынталандыруға бағытталған интерактивті дәрістермен, практикалық тапсырмалармен және тренингтермен толтырылған қарқынды апталық курстан өтті.
Біздің керемет дарынды студенттерімізді, Өтемір Алтынай Бақытқызын және Хан Богдан Владимировичті осы үлкен жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!Біз олардың Оңтүстік Қазақстан медицина Академиясының студенттеріне үлгі болғанын мақтан тұтамыз.

14.08.2023, 17:05
501 қаралым