«Көшбасшылар» республикалық интеллектуалды сайысы

2021 жылдың 1 желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті мен «Jas Otan» ЖҚ-ның ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жыл мерейтойына, ҚР Тұңғыш Президенті күні және ОҚМПУ 85 жылдық мерейтойына орай «Көшбасшылар» республикалық интеллектуалды сайысы өтті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған сайыста Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «ОҚМА жастары» командасы 2-ші орынды иеленді.

Сайыстың мақсаты: ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын насихаттау, студенттердің интеллектуалды деңгейін арттыру, жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Республика бойынша 13 команда қатысқан сайыста біздің академия студенттері медицина саласында ғана емес, шығармашылық саласында көзге түсіп, белсенділік танытып, 2- ші орын алған белсенді студенттерімізді мақтан тұтамыз.

02.12.2021, 12:40
602 қаралым