Коммуникациялық дағдыларды халықаралық мәнмәтінде жақсарту
2015 жылдың 15-17 қазан аралығында British Council М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің базасында кәсіби даму және әрекеттестік Орталығымен бірлесе отырып, "Ньютон-Аль-Фараби" серіктестік бағдарлама бойынша бірлескен қызмет туралы келісім шеңберінде Researcher Connect аталатын семинар өткізілді.
Researcher Connect- бұл зерттеу қызметтің кез келген сатысында және кез-келген академиялық саласында жұмыс істейтін зерттеушілерге арналған интерактивті оқыту курстарының сериясы. Бұл курстар коммуникациялық дағдыларды халықаралық мәнмәтінде жақсартуға бағытталған.
Семинар жұмысында ОҚМФА-ның қызметкерлері мен оқытушылары қатысқан: Югай Н.В.- акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасының меңгерушісі, Кучербаев К.Д.- дәрілік өсімдіктер ғылыми зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, Ким О.Т.- фармакология және фармакотерапия кафедрасының оқытушысы.