Коммуникативті-бейімделген мамандар даярлау

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту Концепциясы бүкіл әлемдік стандарттарға біліктілігімен сай келетін кәсіби мамандар даярлаудың түрлері мен әдістерін сапалы жаңарту бағытына негізделген. Бұл ретте жас ұрпақтың өзара байланысты және өзара тәуелді әлемде өмірлік іс-әрекет жасауындағы ықпалды құралы болып табылатын көптілділік мәселесіне жоғары көңіл бөлінеді. 

Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев отандық білім беруде жоғары биіктерді бағындыру мақсатын қойды. Ол бәсекеге қабілетті, жоғары сапалы болуы тиіс, себебі қазақстандық жоғары оқу орындары бітірушілері шетелдік  жоғары оқу орындарында білім алуды оңай жалғастыруы, ал өзінің кәсіби қызметінде ғылыми, сонымен бірге, өндіріс саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыта білуі қажет.

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы Академияда 2011-2012 оқу жылынан бастап фармацевтикалық факультеті студенттеріне ағылшын тілінде білім беруді бастаған кафедралардың бірі.

830 1

Бүгінгі таңда бакалавриаттың үш пәнінен – «Дәрілік заттарды зерттеудің жалпы әдістері мен тәсілдері», «Фармацевтикалық химия», «Дәрілік заттарды стандарттау және метрология», сонымен бірге, магистратураның бір пәнінен – «Фармациядағы заманауи физика-химиялық зерттеу әдістері» ағылшын тілінде сабақтар жүргізіледі.

Ағылшын тілінде сабақ жүргізу үшін оқытушыларға алдын ала белсенді жұмыс жасауға тура келді. Оның ішінде, оқу бағдарламасынан бастап қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары жинағымен аяқталатын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін дайындау жұмыстары тұрды.

Бұл жұмыстарды атқарудың негізгі шарты - тілді жоғары деңгейде меңгеру ғана емес, сонымен бірге, пән бойынша білікті мамандар болуы тиіс. Мысалы, кафедрада аға оқытушылар Орынбасаров Е.К. - фармация магистрі, Коротков В.А. - фармацевтика ғылымдарының кандидаты жұмыс істейді, олар ОҚМФА-сын үздік бітіре отырып, ағылшын тілін де жетік меңгерген мамандар.

830 2

Оқу жылы басында жоспарланған 5 курс студенттерімен дәрілік заттарды стандарттау және метрология пәнінен ашық сабақ біздің Академиямызға ҚР ДСжӘДМ вице-министрі  Е.А. Биртановтың келуімен сәйкес келді. Вице-министр кафедраның оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, халықаралық қатынастар және материалды-техникалық жабдықталуымен танысты.

830 3

Биртанов Е.А. студенттермен сұхбаттасу барысында білім берудің маңызды стратегиялық міндеті жоғары оқу орындары бітірушілерін халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ету болып табылатындығын атап өтті. Осы бағытта шет тілін меңгеру бітірушілердің кәсіби құзыреттіліктерін перспективті жоғарылатудың негізгі бір шарты болып табылады.  Биртанов Е.А. өзінің жеке тұлғалық мысалында алдыңғы қатарлы әлемдік медициналық Шарите (Германия), Дюк (АҚШ) университеттерінде алған білім нәтижелерін айтып, студенттерді қызықтырды.

830 4

Лабораториялық сабақ белсенді оқыту әдістерінің бірі – Team-based learning (TBL) әдісімен жүргізілді. Сабақта TBL барлық өлшемдері мен ерекшеліктері пайдаланылды. Атап айтқанда, топта жұмыс жасау үшін оқытушы алдын-ала студенттердің өзара үйлесімділігіне психологиялық тестілеу өткізді. Әр топ дәрілік препараттың фармакопеялық талдауын нормативті құжаттарға сәйкес анықтады.

830 5

Топтар лабораториялық жұмыстар қорытындысын презентация түрінде баяндай отырып, алынған нәтижелерге негіздеме жасап, сұрақтарға жауап берді және пікір таласқа түсті. Студенттердің дәрілік препараттардың сапасын бақылау саласындағы білімдері, кәсіби құзыреттіліктері және ептіліктері жеке, сонымен бірге, топтық жағдайда бағаланды.

Сонымен бірге, TBL түрінде жүргізілген сабақ материалды жеңіл игеруге мүмкіндік береді, студенттер өзіндік ой-пікірлерін білдіруге, басқа көзқарастарды қабылдауға, топта және топ үшін жұмыс жасауға, коммуникативті белсенді болуға машықтанады.

830 6

Кафедра базалық және бағдарлы пәндерді ағылшын тілінде жүргізумен қатар, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарында ағылшын тілді студенттерге өндірістік тәжірибе өтуіне жағдай жасаған. Мысалы, Брно қаласындағы (Чехия) ветеринарлы және фармацевтикалық ғылымдар Университетінде студенттер бірнеше рет тәжірибе өтіп келген. Әрине, бұл шаралар студенттерді жоғары деңгейде ынталандырады, олар білімдерін шет елдерде қолдана отырып, болашақта кез-келген ортада коммуникативті бейімделуі оңай болып, сонымен қатар кәсіби салада өздерінің мүмкіндіктерін кеңейте алады.

10.10.2016, 10:03
447 қаралым