"Көмек" орталығындағы Акция

2023 жылдың 2 маусымында "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасы және "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 1 курс магистранттарымен бірлесіп Шымкент қаласындағы "Көмек" дағдарыс орталығында Балаларды қорғау күніне орай іс-шара өткізді.

Балаларды қорғау күні барлық ересек адамдарға балалардың әлемі нәзік екенін, оған қолдау мен қорғау қажет екенін еске салуға арналған. Бұл бүкіл адамзаттың назарын ғаламшардың барлық бұрыштарындағы балалар кездесетін мәселелерге аударуға тиіс мереке.
"Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының медицина ғылымдарының магистрін дайындауда клиникалық құзыреттілік қана емес, сонымен қатар эмпатия, эстетикалық дағдылар, мейірімділікті қалыптастыру маңызды. Кафедра меңгерушісі А.А. Сейдахметова балаларды "Балаларды қорғау күнімен" құттықтап, балалар үшін осындай іс-шараларды өткізудің маңыздылығын атап өтті. Оқытушылар, магистранттар аналар мен балаларға көптеген жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар табыс етті.
Іс-шара соңында балалардың аналары мен әжелері ұйымдастырылған іс-шара үшін алғыс айтты.

08.06.2023, 17:31
646 қаралым