Клиникалық базаларға шолу
2024 жылдың 10 қаңтарында «ОҚМА» АҚ ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы Академияның клиникалық базалары болып саналатын: «Атамекен» және «Asem Medical» медициналық орталықтарында болды.
Кездесу барысында «Атамекен» медициналық орталығының бас дәрігері Артыкбаева Индира Жапарбекқызы және «Asem Medical» медициналық орталығының бас дәрігері Амангельді Наурызбай Пархатұлы медициналық орталықтың атқарып жатқан жұмыстарымен және алдағы даму жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар жоғары білікті, кәсіби мамандармен және заманауи құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген медициналық орталықтар клиникалық база ретінде білім алушыларадың оқуына және ғылыми-клиникалық жұмыстармен айналысуына барлық жағдайларды жасап жатқандығын айтты.
Ректор, Мырзабек Мырзашұлы, Клинкалық кафедралар мен медициналық мекемелердің жоспарға сәйкес бірлескен жұмыстарын заманауи деңгейде жалғастыра беру қажеттігін атап өтті, «Атамекен» және «Asem Medical» медициналық орталықтарының басшылығы мен ұжымына болашақ медицина кадрларын дайындауда қосып жатқан үлестеріне алғыс білдірді.